Thuraya

Thuraya (Thuraya Satellite Telecommunications Company, UAE) жеке меншік акционерлі компаниясы 1997 жылдың қаңтар айында Біріккен Араб Әмірліктерінде жерсеріктік жылжымалы байланыс жобасын іске асыру мақсатында құрылған.

Бүгінгі таңда жүйе үш серіктен тұрады. Thuraya серіктік жүйесі Еуропа, Орталық Азия мен Таяу Шығыс, Солтүстік және Орталық Африканың 140 мемлекеттер аймағын қамтамасыз етеді.

Thuraya жүйесінде бүгінгі таңдағы телефон байланысының барлық сервистері жүзеге асырылған: дауыс байланысы, Thuraya GmPRS деректерін тасымалдау, факс пен SMS жіберу, GPS координаттарын анықтау. Маңызды ерекшеліктерінің бірі - ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын пайдалан отырып жерсеріктестік байланысты пайдалану мүмкіндігі. Компания сонымен қатар ThurayaDSL бренді мен оның жетілдірілген аналогы Thuraya IP көмегімен серіктік арнасы бойынша жоғары жылдамдықта деректерді тасымалдау қызметтерін көрсетеді.

«Жақынырақ бол» ұраны Thuraya миссиясын нақтылы жинақы түрде көрсетеді. Компания сіздің қай жерде болғаныңызға тәуелсіз үнемі байланыста болуға мүмкіндік береді.

PostPaid тарифтік жоспары

Postpaid – келісімшарт бойынша жұмыс істеу формасы. Мобильді жерсеріктік байланыс қызметін пайдаланғаны үшін шоттар айдың соңында сіздің фактылы қоңырауларыңыз бен абоненттік ақыны ғана құрайды. Бұл тарифтік жоспар сізге байланыс қызметін бүкіл қамту аймағы бойынша (Қазақстан аумағын қоса алғанда) үзбей қолдануға мүмкіндік береді.

Thuraya желісімен қамту аймағы

Thuraya серіктік жүйесі Еуропа, Орталық Азия мен Таяу Шығыс, Солтүстік және Орталық Африканың 140 мемлекеттер аймағын қамтамасыз етеді.  

Thuraya-ның қызмет көрсету аймағы келесі мемлекеттерді қамтиды:

Аустралия, Аустрия, Әзірбайжан, Албан, Алжир, Армения, Андорра, Ауғаныстан, Бангладеш, Бахрейн, Белорус, Белгия, Бенин, Болгария, Босния және Герцеговина, Бруней, Буркина Фасо, Бурунди, Бутан, Ұлыбритания, Венгрия, Шығыс Тимор, Вьетнам, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Германия, Гернси, Гибралтар, Гонконг, Греция, Грузия, Гуам, Дания, Джерси (аралдары), Джибути, Мысыр, Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Йемен, Кабо-Верде, Қазақстан, Камерун, Камбоджа, Катар, Кипр, Қытай, Кот-д’Ивуар, Кувейт, Қырғызстан, Латвия, Лаос, Либерия, Ливан, Ливия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мавритания, Македония, Малайзия, Мали, Мальдив аралдары, Мальта, Микронезия, Молдова, Монако, Монғолия, Морокко, Мэн (аралдары), Мьянма, Науру, Непал, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Жаңа Каледония, БАӘ, Оман, Палау, Пәкістан, Палестина, Папуа – Жаңа Гвинея, Польша, Португалия, Руанда, Румыния, Сан-Марино, Сауд Аравиясы, Солтүстік Мариан аралдары, Сенегал, Сербия, Сирия, Сингапур, Словакия, Словения, Соломонов аралдары, Сомали, Судан, Сьерра-Леоне, Тәжікстан, Таиланд, Тайван, Того, Тунис, Түркменістан, Туркия, Өзбекстан, Украина, Филиппин, Франция, Хорватия, Орталық-Африка Респ., Чад, Чехия, Черногория, Швейцария, Шри Ланка, Эритрея, Эстония, Эфиопия, Оңтүстік Корея, Жапония.