Iridium

Iridium - 100% Жер шарын қамтитын (соның ішінде полюс шеңберін қосқанда) жалғыз мобильді жерсеріктік байланыс жүйесі.

Iridium жерсеріктік телефондары жерсеріктік және мобильді режимді қолдана отырып Жер шарының кез келген түкпірінен қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

Iridium жерсеріктік режимдегі шығыс байланыстарына ГЛОБАЛДЫ ТАРИФ ұсынады. Соның негізінде, қоңырау шалу құны сіздің орналасқан жеріңізге немесе қоңырау бағытына байланысты емес.

Байланысы жоқ қызмет объектілері, шетелге жиі іссапарлар мен қашық аймақтағы мемлекеттер мен дағдылы байланыс құралдары жоқ болған жағдайларда Iridium телефонымен әрқашан байланыста бола аласыз.

PostPaid тарифтік жоспары

Postpaid – келісімшарт бойынша жұмыс істеу формасы. Мобильді жерсеріктік байланыс қызметін пайдаланғаны үшін шоттар айдың соңында сіздің фактылы қоңырауларыңыз бен абоненттік ақыны ғана құрайды. Бұл тарифтік жоспар сізге байланыс қызметін бүкіл қамту аймағы бойынша (Қазақстан аумағын қоса алғанда) үзбей қолдануға мүмкіндік береді.

Iridium желісімен қамту аймағы

Iridium 6 орбиталық жазықтықта 86,4 еңкею градусында орналасқан 66 негізгі және 6 қосалқы серіктерден тұратын топтаманы басқарады. Орбиталық мерзім 100 минут 28 секундты құрайды, орбита биіктігі 780 км (485 миль). Әр серік ені 4000 км тұратын аймақты жабады. Серіктердің жоғары ұшу жылдамдығына байланысты (шамамен сағатына Жер шарына 1 айналым), Iridium абонентінің сигналы серіктен серікке үзіліссіз беріледі. Жер бетіндегі станциялардың түйіндесуі кем дегенде топтағы еки серіктеспен бір мезгілде байланыстырылған.