EXPLORER 500 арналған сөмке

BGAN EXPLORER 500 терминалының көлеміне бейімделіп, полиэстер мен ПВХ-дан жасалған су өткізбейтін жұмсақ сөмке. Ішіне терминалдың өзін, Bluetooth тұтқасы немесе желілік телефонды, қосымша қуат беру блогы мен бауы бар желілік адаптерды сыйғызуға болады. Сөмкенің иыққа асатын белдігі, құжаттар мен кабельге арналған қосымша қалталар бар.