Thuraya IP+

Кәдімгі ноутбуктың өлшеміндей ғана жеңіл портативті жерсеріктік терминалы. Ол интеграцияланған антеннамен жабдықталған, ең жоғары жылдамдықты қолдайды: 444 Кб / с дейін және Thuraya спутниктік байланыс желісінде жұмыс істейді.

Терминал кеңжолақты пайдалану үшін оңтайландырылған: құрылғыны пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес жүктеу мен табыстау жылдамдығын баптауға болады. Бұндай баптау мүмкіндіктері байланыс шығындарын азайтады.

Thuraya IP+ жерсеріктік терминалы шаң-тозаң мен ылғалдықтан сенімді қорғалған, құрылғы IP55 стандартына сәйкестендірілген.

Жерсеріктік терминалдың бұл моделі интернетке үнемі қосылуды қажет ететін әр түрлі салаларда, ұйымдар мен мамандар үшін жарамды. Thuraya IP+ өз қолданушыларына келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
• Интернетке кең жолақты қосылу
• Электронды пошта
• Skype, Facebook, Twitter, WhatsApp
• VPN
• FTP
• Файлдарды жеткізу
• Видеоконференциялар
Thuraya IP Plus:
• Ықшам әрі жеңіл: 21,6×21,6 см, 1,4 кг
• Диапазоны ауқымы 150 метрге дейінгі Wi-Fi рұқсат нүктесі
• Жоғары жылдамдық: 444 Кб/с дейін (жүктеу)
• Орнату мен пайдаланудағы оңайлық
• Конструкциясы тұрақты және сенімді қорғалған
• Батареяның ұзақ жұмыс істеу мерзімі: күту режиминде 36 сағатқа дейін