BGAN Explorer 727

BGAN Explorer 727 автомобильді жерсеріктік терминалы – көлік қозғалысы кезінде қолдануы өте жеңіл әрі сенімді терминал.

Негізгі артықшылықтары:
✓ Ең жоғарғы қолайлылық – терминал автомобильде толықтай кеңжолақты байланысты ұсынады және жеке пайдаланушы үшін жеңіл көлік, жол талғамайтын көліктер негізіндегі мобильді офистерді ұйымдастыру кезінде таптырмайтын құрал болып табылады.
✓ Біруақыттағы дауыс байланысы мен деректерді жіберу – деректерді өңдеу қосымшаларына жол ашады, Bluetooth көмегімен не болмаса қарапайым телефон аппараты көмегімен телефонмен біруақытта сөйлесуге мүмкіндік береді.
✓ Ғаламдық қамту – Inmarsat BGAN қамту аймағының кез келген нүктесінде қызмет атқара алады.
✓ Қолдаудағы жеңілдік – ең бастысы антеннаны онатып, оны қабылдау блогымен жалғастырып, компьютер мен IP тұтқасын қоссаңыз болғаны.
✓ Жоғары дәрежедегі беріктік – терминал су тамшыларының корпусқа тиюінен және шағын биіктерден құлаудан қорғалған.

Функционалды мүмкіндіктері:
• 432 кбит/сек жылдамдығына дейінгі Интернетке қосылу.
• E-mail – Интернет немесе E-mail қызметтерінің провайдері арқылы электронды пошта жіберу/қабылдау.
• Телефония – деректерді беру құралымен қатар телефон қоңырауын шалу мүмкіндігі.
• Ағымдық деректерді жіберу – 256 кбит/сек. дейінгі жіберу жылдамдығын кепілдендірілген сапамен таңдау.
• Файлдарды жіберу – үлкен файлдады жіберу және қабылдау мүмкіндігі.


You may also like…