Iridium 9575 жерсеріктік телефоны

Iridium Extreme мобильді жерсеріктік телефоны өзін жақсы танытқан Iridium 9555 моделі негізінде жасалған. Бағытты анықтайтын мүмкіндігі бар GPS қабылдағышы қосылған. Сонымен қатар программаланатын дабыл батырмасы (SOS батырмасы) орнатылған. Оның көмегімен телефон қоңырауын шалуға, алдын ала программаланған телефон нөміріне не электронды поштаға SMS немесе email жіберуге болады. Аппарат өте жақсы эргономиканы алған және сыртқы әсерлерден қорғау әскери стандарттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, Iridium AxcessPoint құрылғысына қосылатын бағдарламалық-ақпаратты интерфейсі пайда болған. Бұл құрылғы көмегімен телефонның ноутбук, смартфон, планшет және т.б. компьютерлерге WiFi арқылы қосылуына мүмкіндік береді.


You may also like…