(Русский) Контент Поддержка

Біздің техникалық қолдау қызметі тәулік бойы Inmarsat, Iridium және Thuraya жерсеріктестік байланыс операторларының барлық компоненттерінің жұмысын қадағалайды.

Біздің техникалық қолдау бөлімі қамтамасыз етеді:

  • Тәулік бойы бақылау
  • Жөндеу жұмыстарына кепілдік
  • Бөлшектерді жеткізу
  • Жабдықтарды жетілдіру
  • Кеңес беру қызметтері
  • Жерсеріктестік жабдықтарды куйге келтіру қызметтері

(Русский) Контент Сервис

Біздің компания жерсеріктестік байланыстардың барлық түрлеріне сервистік қызмет көрсетеді. Байланыс операторын таңдаудан бастап, жабдықтарды эксплуатациялауға дейнгі сіздердің барлық сауалдарыңызға жауап береміз.

Компаниямыздың қосымша қызмет көрсету мүмкіндіктері:

  • Анализ бен қажеттіліктеріңізді есепке ала отырып тиімді шешімді ұсыныс жасау
  • Логистика мен жабдықты жеткізу
  • SIM-картаны қосу
  • Теңгерімді толтыру
  • Терминалдарды тестілеу
  • Жабдықтарды жөндеу мен диагностикалау
  • Программалық қамтаманы жаңарту
  • Теңгерім жайлы ақпаратты хабарлау
  • Шоттарды тарату
  • Қоңыраулар мен трафиктің детализациясы
  • Карта мерзімінің статусын бақылау
  • Техникалық қолдау мен қызмет көрсету

(Русский) Контент Ремонт

Жерсеріктестік телефондардың жоғары деңгейдегі беріктігіне және қорғаныс пен соққыға төзімділігіне қарамастан, экстремалды жағдайлар жиі кездеседі. Осыған байланысты жерсеріктестік телефондар қызмет көрсету мен абоненттік терминалдарды жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Жерсеріктестік телефондардың программалық қамтамасын жаңарту үшін және жерсеріктестік желі байланыстарының жаңа мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында сервистік қызмет көрсету орталығының көмегі қажет.

Біз жөндеу мен қызмет көрсету жұмыстарының келесі түрлерін ұсынамыз:

  • Жерсеріктестік жабдықтардың толық диагностикасы.
  • Бөлшек пен аксессуарлардың қорымен қамтамасыз етеміз. .
  • Жерсеріктестік терминалдарға жөндеу жұмыстарынан кейінгі кепілдік беріледі.
  • Программалық қамтамаларды жаңарту.

Жөндеу жұмыстары күрделілік деңгейіне байланысты әдетте 3-5 жұмыс күндері ішінде жүзеге асырылады. Барлық жұмыстар біздің сервис орталығының жоғары квалификациясы бар мамандармен жасалады. Жөндеу жұмысының бағасы клиентке терминал диагностикасынан кейін бірден хабарланады.

Жабдықтарға кепілдік қызметтер тек зауыт-шығарушының сервистік орталықтарында ғана көрсетіледі. Жөндеу жұмыстарының мерзімі сынудың күрделігіне және терминалдың түріне қарай клиентпен келісіледі.

(Русский) Контент Аренда

Қашықтықтағы аймақтарға сапар шеккен кезде, GSM операторлары қызмет көрсетпейтін және жерсеріктестік байланысқа балама жоқ болған кезде, сонымен қатар жерсеріктестік телефонын сатып алу жоспарыңызға кірмейтін болған жағдайда, сіз қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді жалгерлік қызметін біздің интернет-дүкенімізден ала аласыз.

Жерсеріктестік телефонын жалға Алматы және Астана қалаларындағы біздің офистерден ала аласыз. Сонымен бірге Қазақстан бойынша тегін жеткізу бар.